Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді сақтандыру қымбаттады
Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерді сақтандыру қымбаттады.
Бұрын 2 пайыздан төмен болса, енді 5 пайызға өсті. Бұл туралы Bloomberg жазды. Сақтандырудың қымбаттауына АҚШ, Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығыстың ушығуы себеп. Басылымның мәліметі бойынша құны 100 миллион долларлық мұнай танкерін сақтандыру бағасы шамамен 5 миллион долларға жетті. Қазір бұғаз арқылы кеме қатынасы күрт азайған.