Аргентина АҚШ пен Израильді қолдайды

Бұл туралы Оңтүстік Америкалық елдің президенті Хавьер Милей 1992 жылы Буэнос-Айрестегі Израиль елшілігіне жасалған лаңкестік құрбандарын еске алу шарасында мәлімдеді.

Осыдан 34 жыл бұрын Израиль елшілігінің ғимаратына жарылғыш зат тиелген жүк көлігі басып кіріп, рөлдегі жанкешті жарып жіберген еді. Лаңкестік әрекеттен 29 адам қаза тапқан. Ал 1994 жылы Еврей орталығында бомба жарылып, 85 адам ажал құшып, 300-і жараланды. Аргентина соты Иранды ресми түрде «террористік мемлекет» деп таныған. 

Хавьер Милей, Аргентина президенті:

- Біз АҚШ пен Израиль Иран режимін құлатуға шешім қабылдаған тарихи сәтте тұрмыз. Зұлым басшылар өз халқын бақытсыздыққа ұшыратпайды, олар әлемде лаңкестік қаупін таратуды көздейді. Аргентинаның сот жүйесі Иран Ислам республикасы мен «Хезболланың» шабуылдарын адамзатқа қарсы бағытталған қылмыс деп таниды.