Д.Трамп НАТО шешімін айыптады

«АҚШ НАТО-ның көмегіне мұқтаж емес». Дональд Трамп ұйымға мүше елдердің шешіміне көңілі толмайтынын осылай жеткізіп, одақтастарынан көмек күтпейтінін мәлімдеді. 

Бұл мәлімдемесі Жапония, Аустралия, Оңтүстік Кореяға да қатысты. Осыған дейін Ақ үй басшысы бірқатар елдерге Ормуз бұғазындағы кеме тасымалын қалпына келтіру үшін бірқатар елден көмек сұрады. Алайда бұл өтініші ескерусіз қалып отыр. Әуелде бірқатар ел әскерін Таяу Шығысқа жіберуге сыңай танытқанымен, кейін бұл шешімнен біртіндеп бас тартты. Соның ішінде Франция, Польша, Германия және Ұлыбритания бар.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- НАТО қабылдаған шешімді құптамаймын. Біз оларға жылдар бойы триллиондап қаржы бөліп келдік. Біздегі бюджет тапшылығының бірден-бір себебі де осы. Бірақ біз көмектесуді тоқтатпадық. Енді осындай жағдайда олардың көмектеспеуі ақылға сыймайтын нәрсе. 

 

БАӘ АҚШ миссиясына қосылуы мүмкін

Ал Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз шығанағындағы АҚШ миссиясына қатысуы мүмкін. «Рейтер» ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қазір іс-қимыл жоспары талқылау кезеңінде. Жалпы әмірлік елдерінде замануи флот пен бақылау жүйелері бар.