Аргентина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты

Аргентина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ресми түрде шықты. Бұл шешім Аргентинаның халықаралық ұйымнан шығу туралы өтінішінен кейін араға бір жыл салып күшіне енді. 

Елдің Сыртқы істер министрі Пабло Кирно шет мемлекеттермен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жалғасатынын, бірақ енді екіжақты немесе аймақтық деңгейде ғана жүзеге асатынын мәлімдеді. «Билік өкілдері бұл қадам ұлттық саясатты жүргізуде ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді», - деп отыр.