Google ЖИ-дәрігер қызметін тоқтатты
Google компаниясы жасанды интеллектіге негізделген қызметті өшірді. Онда қолданушылар денсаулығына қатысты кеңес алатын.
Бұл ақпараттар науқастардың интернеттегі талқылауына негізделіп беріледі. Яғни қызмет адамдардың ұқсас ауру тарихын топтаған. Мұны The Guardian басылымы жазды.
Алайда ақпарат құралдары аталған ақыл-кеңес адамдарды қате емдеу тәсілдерін ұстануға итермелеп, шатастырады деп сынаған болатын. Десе де Google компаниясы қолданушыларға денсаулықты сақтау және емдеу бойынша тек сенімді мәліметтер ұсынғандарын айтады.