Германияда роботтарды тәрбиелейтін ірі орталық салынады

Роботтар да сабақ оқиды. Германияда адам тәрізді гуманоидтарды іске бейімдейтін ірі орталық салынып жатыр.

RoboGym деп аталған кешенде құлтемірлер программалық жүйе арқылы күнделікті өмірде қажет іс-қимылдарды үйренеді.

Атап айтқанда, жүріп-тұру, жүк тасу, бөлшектерді жинау тәрізді жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Гуманоидтарды адамдар оқытып, қадағалап отырады. Яғни нұсқаушылар қимылды көрсетеді, ал роботтар оны қайталап, кейін іс-әрекетті автоматты түрде жасайтын болады.