ЮНИСЕФ: Әлемде бала өлімі көбейді
Оған себеп дертпен күрес шаралары бәсеңдеген. ЮНИСЕФ бұл жайтқа бей-жай қарамауға шақырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, 2024 жылы 5 жасқа толмаған 4,9 миллион бүлдіршін көз жұмған. Оның 2,3 миллионы - шақалақ. Мамандар: «Сапалы медицинаның көмегімен балаларды өлімнен арашалап қалуға болар еді», - дейді. Алайда қаражат едәуір қысқарғандықтан, жағдай ушыққан. Әсіресе Африка құрлығында, сондай-ақ Оңтүстік Азияда тіркелген бала өлімі көп. Олардың дені уақытылы ем қабылдамаған, аш-құрсақ жүрген. Соның салдарынан балалар арасында белгісіз аурулар көбейген.