Азияның қор нарығы құлдырады
Азиядағы қор нарығы құлдырады.
Бұған мұнай бағасының өсуі мен АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру шешімі әсер етті. Бұл туралы " Ассошиэйтед Пресс" агенттігі хабарлады. Тайваньның Базалық индексі 2 пайызға кеміген. Оңтүстік кореялық "Коспи"-дің (( KOSPI)) төмендеуі 3 пайызға жуықтады. Ал Брент маркалы мұнайдың бағасы 107 доллардан асты. Бұл 1 күн бұрынғы көрсеткіштен 4 пайызға жоғары. Сарапшылар АҚШ, Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы, мұнай-газ кен орындарына соққылардың жасалуы, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының тоқтауы әлемдік энергетика нарығындағы белгісіздікті тереңдетіп жатыр деп есептейді.