Азия қор нарығында құлдырау байқалды

Бұған Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуангтың қызметінен кетуі себеп. Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайыз кеміген. Жапондық Nikkei 225 индексі 2,5 пайыз төмендесе, тайваньдық Taiex 6 пайызға жуық құлдырады, деп хабарлайды 24KZ.

Енді инвесторлар жасанды интеллект саласына бағытталатын инвестициялар қысқаруы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Айта кетейік, 19 қарашада америкалық жасанды интеллект алпауыты Anthropic АҚШ биржасында акцияларын алғаш рет жариялы түрде орналастырады. Болжам бойынша, техноалпауыт жария саудаға шыққан кезде тарихтағы ең қымбат компания ретінде SpaceX рекордын жаңартуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: