Еуропада газ 35%-ға қымбаттады

Иран Қатардағы сұйытылған табиғи газды өңдеу нысандарына соққы жасағаннан кейін Еуропада көгілдір отын бағасы бірден көтерілді.

Бұл көрсеткіш 35 пайыздан, ал "Ти Ти Эф" ((TTF)) индексінің мәліметі бойынша, фьючерстердің құны әр мың текше метр үшін 850 доллардан асқан. Мұндай жоғары өсім 2022 жылдың желтоқсанынан бері тіркелмеген еді. Қатар елі әлемдегі сұйытылған табиғи газдың 20 пайызын өндіреді.