Италия жанармай бағасын төмендетеді

Италия жанармай бағасын әр литрі үшін 25 центке азайтады. Бұдан бөлек, жүк көлігі жүргізушілері үшін салық жеңілдігі енгізіледі. Баға бақылауда болады. 

Елдің премьер-министрі Джорджа Мелони өз сөзінде осы үш мәселені реттейтінін жеткізді.

Джорджа Мелони, Италия премьер-министрі:

- Үкімет Таяу Шығыстағы дағдарыс салдарынан жанармай бағасының көтерілуіне байланысты жағдайды реттеу ісін жалғастыра бермек. Біз бұл істі Қаржы полициясы және Монополияға қарсы күрес агенттігімен бірлесіп атқарып жатырмыз. Бағалардың ашықтығын қамтамасыз ету және жанармай құю стансаларындағы бағаның қалыптан тыс көтерілу жағдайын үнемі бақылауда ұстаймыз.