Италияда 300 мектепте эвакуация жүргізілді

Италияда 300 мектепте оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды. Жарылғыш қойылғаны туралы электронды хат елдің 6 мың 300 оқу орнына келіп түскен, деп хабарлайды 24KZ.

Хабарламаларда Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге де қоқан-лоқы жасалған. Осыған байланысты үкімет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша нақты қауіп анықталмаған. Мұндай мазмұндағы хаттар Ирландия мен Ұлыбританиядағы оқу орындарына да жіберілген. Қазір құқық қорғау органдары мұны кім таратқанын анықтап жатыр. Айта кетейік, өткен аптада Ирландия мен Болгариядағы телеарна ғимараттары мен сауда орындары да шұғыл эвакуация өткізген еді. Әуе рейстерінде де жарылыс қаупі туралы хабарламалардан кейін кейбір ұшақтар бағытын өзгертіп, басқа әуежайларға қонуға мәжбүр болған.

Сондай-ақ оқыңыз: