Әлемде қант қымбаттады

Бір тонна құмшекердің құны былтырғы қазан айымен салыстырғанда 3,2%-ға өсіп, 451,20 долларға жетті. Бұл – кейінгі бес айдағы жоғарғы көрсеткіш. 

Сарапшылар: «Бағаның күрт өсуіне Ормуз бұғазындағы текетірес себеп», - дейді. Парсы шығанағы елдеріндегі зауыттар Бразилиядан тұрақты жеткізілетін шикізатқа тәуелді. Егер мемлекеттік мұнай компаниясы жанармай бағасын көтерсе, энергия шығындарын азайту үшін зауыттар қанттың орнына этанолды көбірек шығара бастайды. Бұл әлемдік қант ұсынысын азайтып, бағаның одан әрі өсуіне әкелуі мүмкін. Кофе мен какао бағасы да көтеріліп жатыр.