NASA Айға ұшыратын зымыранды орналастырды

NASA Айға аттанатын "Артемида 2" ((Artemis II)) миссиясының зымыранын Канаверал мүйісіндегі ұшу алаңына шығарды.

Оны орналастыру жұмысы 12 сағатқа созылған. Енді инженерлер экипажды Айға сәтті аттандыру үшін зымыран желілерін тексермек. Негізі миссия 1 сәуірге белгіленген. "Артемида 2" 50 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет айға адам ұшыратын бағдарламаға айналмақ.