Бразилия биоотынға өте бастады

Елдің оңтүстігіндегі Пасу-Фунду қаласының билігі сөзден іске кірісіп, 17 қоғамдық көлікті бірден баламалы энергияға ауыстырған.

Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады. Шешім қабылдауға әлемдік энергетика нарығындағы тұрақсыздық пен дағдарыс себеп. Үкімет біртіндеп дизельді биоотынға алмастыруды жоспарлап отыр. Ол майбұршақ, жануарлар және қайта өңделген майлардан алынады. Биоотын дизельді қозғалтқыштарға бірден қолдануға жарамды энергия көзі.