Әлемде бағалы металдар арзандады
Comex биржасында алтын фьючерстері 6%-ға төмендеген. Қазір унциясы шамамен төрт мың екі жүз доллар көлемінде саудаланып жатыр.
Бұл – кейінгі 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ күміс пен платина 9%-ға арзандады. Металдардың құлдырауы наурыз айының ортасында басталды. Сарапшылардың айтуынша, баға ұсыныстары Ормуз бұғазындағы жағдайға және жеткізу тізбегінің тұрақтылығына тікелей байланысты болып отыр.