Колумбияда әскери ұшақ апатынан 66 адам көз жұмды
Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады.
Салдарынан 66 адам көз жұмды. Тағы ондаған адам ауыр жараланған. Ұшақ бортында 114 әскери қызметкер мен 11 экипаж мүшесі болған. Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметінше, Колумбия әскери-әуе күштерінің ұшағы елдің оңтүстігіндегі, Пуэрто-Легуисамо қаласындағы ұшу-қону жолағынан жарты шақырымдай жерде құлаған. Бұл Перу шекарасына жақын орналасқан. Ұшақ құлаған соң бірден жанып кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша қазір апат орнында қызметкерлер жұмыс істеп жатыр, апаттың нақты себептері әзірге белгісіз.