Иран Парсы шығанағын миналауы мүмкін
Иран АҚШ тарапынан құрлықтағы операция басталған жағдайда Парсы шығанағындағы теңіз жолдарын миналауы мүмкін.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Тегеран Ормуз бұғазы толық жабылмайтынын, алайда кеме қозғалысы келісім арқылы жүзеге асатынын айтты. Бұған дейін Дональд Трамп Иранға бұғазды толық ашу үшін сейсенбіге дейін уақыт берген. Талап орындалмаған жағдайда Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасалуы мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ елдің оңтүстігіндегі аралдарды бақылауға алу үшін теңіз жаяу әскерін қолдану жоспары да бар. Алайда кейінірек Ақ үй басшысы келіссөздерден кейін әскери соққыларды тағы бес күнге шегергенін мәлімдеді.