АҚШ Иранға бейбіт келісім жоспарын жолдады
АҚШ Иранға қақтығысты тоқтату туралы жоспар жолдады. Құжат 15 тармақтан тұрады.
New York Times басылымының мәліметіне сүйенсек, басты талап Иранның ядролық және энергетикалық бағдарламасына қатысты. Сондай-ақ Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік мәселесі бар. Бұл жоспарды Иранға Пәкістан табыстап, келіссөздерді өткізу жағын ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Бұған қатысты Тегаран пікір білдірген жоқ.
Осыған дейін Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына 5 күнге дейін шабуылды тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеген болатын. Бірақ Иран мұны растамады.