Қытайда авиациялық жанармай қымбаттады

Елдің әуе компаниялары жанармай үшін алымдарды көтере бастады. Кейбір бағыттар бойынша әуе билеттерінің бағасы екі есеге дейін өсті.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қытайдың кейбір авиакомпаниялары жанармай алымдарын көтерді. Бұл дегеніміз билет бағасы қымбаттағанын білдіреді. Шешім осы айдан бастап күшіне еніп отыр. Баға саясаты туралы алғашқылардың бірі болып Гонконгтық әуе компаниясы жариялады.

Ұлттық әуе тасымалдаушы мәліметіне сәйкес жолаушылар үшін жанармай төлемдері 35-тен 100 пайызға дейін қымбаттаған. Билет құны әсіресе қашық бағыттарға ұшатын рейстрге қатысты көтерілді. Бұған Таяу шығыстағы қақтығыс тікелей себеп олып отыр. Бұл тек Қытайда ғана емес Аустралия, Оңтүстік Африка сияқты елдерде болып жатқан қымбатшылық. Мәселен, Оңтүстік Африка әуежайларында Jet A 1 маркалы авиациялық отын бағасы бір аптада 70 пайызға көтеріліп кетті. Бағаның мұнша шарықтауы қазір өзге елдердегідей Қытайдың әуекомпанияларын да баға саясатын өзгертуге мәжбүрлеп отыр. Алайда қытай билігі сыртқы нарықта болып жатқан дағдарысқа төтеп беретініне сенімді.

Фу Линхуэй, Қытай Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі:

- Таяу шығыстағы геосаяси қақтығыстар халықаралық

мұнай бағасын құбылтып нарықта түрлі алаңдаушылық туғызды. Алайда Қытайда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қуатты көздері бар. Бұл сыртқы нарықтың құбылуын еңсеруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта халықаралық энергия бағасы қалай құбылатыны белгісіз. Сондықтан импорттың ішкі бағаға әсерін бақылау қажет. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Таяу Шығыс әлемдік авиация үшін маңызды хаб. Соғыстың кесірі әуе кеңістіктерінің жабылып, негізгі транзиттік тораптардың жұмысын шектеп тастады. Аймақтағы тұрақсыздық авиакомпаниялар мен саяхатшылар легіне тікелей әсер етіп жүріп-тұруды қиындатып жіберді. Бірқатар ірі әуе тасымалдаушылар рейстерді тоқтатқаннан кейін туристк бағыттағы қол жетімді орындар да азайды. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы