Иран Израильге зымыран атты
АҚШ пен Израиль Иранның орталық және оңтүстік-батыс аймақтарындағы газ инфрақұрылымына бірқатар соққы жасады.
«Фарс» агенттігінің деректеріне сүйенсек, Хоррем-шехр қаласына отын жеткізетін газ құбыры зақымдалған.
Бұдан өзге Исфаханда азаматтық нысан қарауылға ілінді. Қарымта жауап ретінде Тегеран Израильге зымырандар атқан. Тель-Авивте алты адам зардап шеккені туралы мәлімет бар.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары Ислам революциясы сақшылар корпусы Кувейт, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан АҚШ-тың әскери базаларына шабуыл жасағаны туралы хабарлады.