Колумбияда ұшақ апатынан 69 адам опат болды
Бұл туралы «Ассошиейтед Пресс» агенттігі хабарлады. Пуэрто-Легуисамо қаласының мэрі Луис Эмилионың айтуынша, ұшақ бортында барлығы 128 адам болған.
Колумбияның әуе-ғарыштық күштеріне тиесілі ұшақ Пуэрто-Легуисамодан Пуэрто-Асиске бағыт алғаннан кейін көп ұзамай құлаған. Апаттан кейін әуе кемесі бірден жанып кеткен. Оқиғаның нақты себептері әлі анықталып жатыр.
Ел президенті Густаво Петро ұшақ апатынан көз жұмған әскери қызметшілердің отбастарына көңіл айтты. Елде үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды.