Мексика Кубаға гуманитарлық көмек жөнелтті
Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тұрмыстық заттар халықаралық «Нуэстра Америка» флотының кемесі арқылы жеткізілді. Тақауда тағы екі мәрте жүк жөнелтіледі.
Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Дональд Трамп: «Кубаға отын жеткізген кез келген елге санкция салам» деп ескерткен еді. Қазір бұл елде жанар жағармай және электр энергиясы тапшы.
Тұрғындардың айтуынша, кейінгі үш айда дизель, бензин, мазут және керосин жетіспейді. Билік ішкі өндіріс қажеттіліктің тек 40%-ын ғана қамтитынын алға тартып отыр.