Трампқа «America First» сыйлығы табысталды

АҚШ президенті Дональд Трампқа «America First» сыйлығы табысталды. Ол бұл марапаттың алғашқы иегері атанды. Сыйлық Вашингтонда өткен Республикалық партияның жыл сайынғы кешінде берілді.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонның айтуынша, бұл марапат енді жыл сайын тапсырылып отырады. Алтын бүркіт бейнесінде жасалған мүсін АҚШ-тың жаңа кезеңінің символы ретінде ұсынылды. Ұйымдастырушылар бұл сыйлықты Трамптың саяси қызметіне берілген баға деп атап өтті.