Иран Ормуз бұғазын бес елге ашты
Өткел арқылы Ресей, Үндістан, Пәкістан, Ирак және Қытай кемелері емін-еркін қатынайды. Мұны Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Tasnim басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, өзге елдерге әзірге рұқсат жоқ. Блумберг басылымының дерегі бойынша, су жолы ақылы. Сондай-ақ тек бекітілген арнайы тасымалдаушы компаниялар жұмыс істейді. Бұрын бұл бұғаздан күніне 130-дай су көлігі өтетін. Соғыс басталғалы кеме жүрісі 90 пайызға қысқарды. 15-17 наурыз аралығында, небәрі 15 су көлігі өткен.