Израиль армиясына 15 мың сарбаз жетіспейді

Израиль қарулы күштеріне 15 мың сарбаз жетіспейді.

Олардың 8 мыңы соғысу үшін қажет. Бұл туралы Израиль әскерінің ресми өкілі Эфи Дефрин мәлімдеді. Израильдің баллистикалық зымырандарды қағып түсіретін қаруы да азайып барады. Биліктің хабарлауынша, Иран зымырандарына төтеп беру күннен күнге қиындай түскен. АҚШ пен Израиль Иран тарапынан мұншалықты жойқын соққы болады деп ойламаса керек.

Эфи Дефрин, Израиль қарулы күштерінің ресми өкілі:

"Бізге 15 мың сарбаз жетіспейтінін айтқымыз келеді. Өйткені майдан шебі кеңейіп барады. Біз қазір Иран, Ливан, Иордан өзенінің батыс жағасы, Газа секторы, Сирияда соғысуға мәжбүрміз. Қарулы қақтығыс ауқымын болашақта да кеңейтуге тура келеді".