Жаңа Зеландияда жанармай тапшылығы туындады
Жаңа Зеландияда жанармай тапшылығының алдын алу жоспары таныстырылды.
Жоспарға сәйкес ықтимал шаралар қатарында бензин экспортын шектеу, төтенше қызметтердің жанармайды мөлшерінен тыс пайдаланбауын қадағалау және мұнай өңдеу кәсіпорындарын бақылауға алу қарастырылған. Қазір елде жағдай тұрақты, шектеулер енгізіле қойған жоқ. Десе де Жаңа Зеландия –жанармайды сырттан тасымалдайтын мемлекеттердің бірі. Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы елде бензин 10%-ға, ал дизель 20%-ға қымбаттаған.