Индонезия балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым енгізеді
Индонезия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым енгізеді.
Шектеу бүгіннен бастап күшіне енді. Билік бұл шешімді кибербуллингпен күрес, цифрлық тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдерді интернет-алаяқтықтан қорғау мақсаттарымен байланыстырды. Кәмелетке толмағандардың парақшаларын өшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір Австрия да жеткіншектер үшін шектеу енгізуге ниетті. Онда ел үкіметі 14 жасқа дейінгі балаларға тыйым салуды көздеп отыр. Жоспар бойынша заң жобасы маусым айының соңына дейін дайын болады.