Италияда мектептер жұмысын тоқтатты

Италияда жалпыұлттық шеруге байланысты көлік қозғалысы шектеліп, мектептер жұмысын тоқтатты.

Ауқымды акцияға журналистер де қатысты. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Милан, Неаполь, Турин және Новара қалаларында автобус жүргізушілері жұмысқа шыққан жоқ. Олар бұл саланы мемлекеттік басқаруға қайтаруды және жеке компаниялардан бас тартуды талап етуде. Ал білім беру саласының қызметкерлері жалақыны 20%-ға арттырып, қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу мүмкіндігін сұрайды. Журналистер өз кезегінде редакцияларда жасанды интеллектіні бейберекет енгізуге наразылық білдіріп, еңбек жағдайының жақсарғанын қалайды. Кәсіподақтардың келесі акциясы 16 сәуірге жоспарланған.