АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

Президент Дональд Трамп Ішкі қауіпсіздік министрлігінің жұмысын ішінара тоқтатуына байланысты осындай шешімге келді.

Құрама Штаттарда кейінгі айларда көлік қауіпсіздігі басқармасының 60 мыңға жуық қызметкері жалақы ала алмай отыр. Тағы 500-ге жуығы жұмыстан шығып кеткен. Кадр тапшылығы салдарынан ел бойынша әуе қатынасы қиындап, әуежайларда ұзынсонар кезек пайда болды. Кей жерлерде қызметкерлердің 30 пайызы жұмысқа шықпай отыр. Қазір иммиграциялық қызмет пен ішкі қауіпсіздік агенттері уақытша көмекке тартылды.