Мысыр электр қуатын күшейтілген түрде үнемдеп жатыр
Мысыр Таяу Шығыстағы қақтығыстан туындаған энергия тапшылығына байланысты үнемдеу шараларын күшейтті.
Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады. Елде электр қуаты мен отынды тұтыну шектеліп жатыр. Көшелердегі жарық ішінара өшіріліп, дүкендер мен дәмханалар әдеттегіден ертерек жабыла бастады. Билік тұрғындарды қашықтан жұмыс істеуге шақырып жатыр. Ал дерекке қарағанда, Мысырда табиғи газ импортына кететін шығын күрт өсіп, айына шамамен 2 миллиард долларға жеткен. Сарапшылардың айтуынша, энергия бағасының өсуі ел экономикасына, оның ішінде туризм саласына кері әсері көп болуы мүмкін.