Қытай Жапонияға талап қойды

Ресми Бейжің Жапонияға тағы талап қойды. Күн шығыс елі Қытаймен қарым-қатынасын реттегісі келсе Тайваньға қатысты пікірін түзеуі тиіс.

Бұл жөнінде Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь мәлімдеді. Қытай-Жапон арасындағы кикілжіңге премьер-министр Такаичидің «Тайвань аймағында күш қолдану Жапония үшін қауіпті» деген мәлімдемесі түрткі болды. Бұл қытай халқының наразылығын туғызған еді. Содан бері көрші ел экспорттық бақылауды күшейтумен келеді. Алайда бұған жапондықтардың мән беретін түрі жоқ.

Линь Цзянь, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Егер Жапония Қытаймен қарым-қатынасты реттеп, дамыту жағын ойласа, екі ел арасындағы төрт саяси құжатта көрсетілген қағидаларды ұстануы тиіс. Сондай-ақ өз міндеттемелерін орындауы керек. Тайваньға қатысты қате мәлімдемелерін кері қайтарып түзетулері шарт. Қытай-жапон қатынасының саяси негізін сақтау үшін нақты шаралар қабылдауы қажет.