АҚШ-та әуежайға Д. Трамптың есімі беріледі
АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич халықаралық әуежайына Дональд Трамптың есімі беріледі.
Арнайы заң жобасын штат губернаторы, республикашыл Рон Десантис бекітті. Енді құжат ресми күшіне ену үшін АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасына жіберіледі. Келісім берілген жағдайда, әуежайдың деректер базасы жаңартылып, жаңа маңдайшалар орнатылады. Бұл жұмыстарға 5 миллион доллар қаржы бөлінбек. Былтыр осы штат билігі Майами қаласының орталығынан Трамптың президенттік кітапханасын салу үшін жер телімін бөлуді мақұлдаған еді.