Иран АҚШ компанияларына соққы беруге әзір
Иран АҚШ-тың әйгілі Microsoft, Apple, Google компанияларын қарауылға алды.
Таяу Шығыста ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы 15 ірі өндіруші бар. Meta, Nvidia, Tesla да осының ішінде. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ шабуылдаса, осы аталған компаниялардың кеңселері көкке ұшатынын мәлімдеді. Өйткені бұлардың тыңшылыққа қатысы бар дейді. Қауіпсіздік мақсатында компания қызметкерлеріне жұмыс орындарынан кетуді ескертті.