Ресей бензин экспортын шектеуі мүмкін

Ресей бензин экспортын шектемек. Бірақ бұл шара ішкі нарыққа көп әсер етпейді - дейді сарапшылар. Өйткені билік былтыр да осындай қадамға барған.

Бүгінде Ресей бензинді негізінен Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Арменияға экспорттайды. Ал дизель отыны экспорты бензинге қарағанда әлдеқайда жоғары. Оның шамамен жартысы шетелге шығарылады. Негізгі бағыттар Түркия мен Оңтүстік Америка елдері.

Марсель Салихов, Энергетика және қаржы институтының президенті:

- Ресейде жылына шамамен 36-37 млн тонна бензин тұтынылады. Ал экспорт көлемі бірнеше миллион тонна ғана. Сондықтан ішкі нарыққа қосымша 1-2 млн тонна түскеннің өзінде, жағдайға айтарлықтай әсер етпейді.

Жанармай бағасына әлемдік мұнай нарығындағы өзгерістер тікелей әсер етеді дейді мамандар. Таяу Шығыстағы оқиғалар аясында мұнай бағасы барреліне 70 доллардан 120 долларға дейін көтерілді. Соған қарамастан Ресейде баға белгілі жүйе арқылы реттеліп отырады.

Марсель Салихов, Энергетика және қаржы институтының президенті:

- Ресейде демпфер деп аталатын жүйе жұмыс істейді. Ол әлемдік мұнай бағасы өскен кезде ішкі нарықтағы бағаның қатты көтерілуіне жол бермейді. Ал баға төмендесе, ол да күрт арзандай қоймайды. Нәтижесінде жанармай бағасы инфляция деңгейінде ғана өседі. Қазір Ресейде инфляция шамамен 5-6 пайыз.