Д.Трамп: Жанармай мәселесін әр ел өзі шешсін
Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайға байланысты жанармай тапшылығына тап болған елдер мәселені өздері шешуге тиіс.
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде осылай деп жазды. Сондай-ақ Ақ Үй басшысы бірқатар елге, соның ішінде Ұлыбританияға жанармайды АҚШ-тан алып кет деп отыр. Өйткені қор жеткілікті дейді Ақ үй басшысы. Тіпті бұл да болмаса, батылдық танытып бұғаздан өздеріңіз алып кетіңіздер деп те жазған.