АҚШ Парсы шығанағындағы ұшақ тасығыш кемесінің санын арттырды

АҚШ Таяу Шығыстағы әскери күшін нығайтып жатыр.

Ұшақ тасығыш кеме "Джордж Буш" Парсы шығанағына аттанды. Оның бортында 48 жойғыш ұшақ бар. Флотилияның нақты қай аймаққа орналастырылатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, Иранға қарсы операцияда қолданылатыны анық.  Айта кетейін, бұл АҚШ-тың үшінші ұшақ тасығыш кемесі. Қазір Таяу Шығыста "Авраам Линкольн" және "Джеральд Форд" атты екі кеме орнастырылған.