Кенияның шай экспортына қауіп төнді  

Иран соғысы шәй экспортын да тежеді. Кенияда кеме қатынасы тоқтаған соң, шамамен 8 миллион келі шай Момбаса портының қоймаларында қаланып тұр. 

Шығын ұлғайып, 1 наурыздан бері аптасына 8 миллион долларға дейін жетті. Кенияда шағын фермерлер тек осы шай өндірісінің арқасында күн көреді. Жыл сайын мемлекет Таяу Шығысқа 100 миллион келі өнім жеткізеді.