Индонезияда жер сілкінді
Жергілікті геология қызметінің дерегі бойынша, зілзала магнитудасы 7,4 балға жеткен.
Жерасты дүмпуінің кіндігі Тернате аралынан 127 шақырым қашықта, 35 шақырым тереңде болған. Қираған ғимарат немесе цунами қатері туралы ақпарат жоқ. Дегенмен мамандар Индонезия, Малайзия және Филиппин үшін цунами қаупі бар деп жариялады.