Жапонияда мұнай қымбаттады
Жапонияда да мұнай бағасы күрт өсті.
Nikkei газетінің мәліметі бойынша кейінгі бір айда Сауд Арабиясынан импортталатын мұнай бағасы 84 пайызға қымбаттап, бір баррелі үшін шамамен 126 долларға жеткен. Бұл - кейінгі 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Баға Ормуз бұғазындағы теңіз жолының жабылуына байланысты қымбаттап отыр. Сарапшылар Күншығыс еліндегі ахуал жылдық инфляцияның жеделдеуі мен жалпы ішкі өнімнің қысқаруына әкелуі мүмкін деп дабыл қақты. Наурыз айының ортасынан бастап жапон елі ұлттық мұнай қорларының бір бөлігін пайдалана бастаған. Бұл - шамамен 45 күнге жетеді, - дейді сарапшылар.