Оңтүстік Корея қосымша бюджет қабылдайды
Оңтүстік Корея президенті Ұлттық жиналысты тез арада 17 млрд доллар көлеміндегі қосымша бюджетті қабылдауға шақырды.
Өйткені елде энергетикалық дағдарыс күшейе түсті. Экономика шатқаяқтап тұр. Ли Чжэ Мён «бүгін-ертең соғыс аяқталғанның өзінде Таяу Шығыстан отын жеткізуді қайта қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет болады», - деді. Қосымша қаражаттың едәуір бөлігі, яғни, 6,6 млрд доллар отын бағасын ұстап тұруға бағытталады. Үкімет жанармай бағасының жалпыұлттық шегін енгізуді және мұнай өнімдерін жеткізудегі іркіліс шығынын өтеуді жоспарлап отыр. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 1,8 млрд доллар жұмсалады. Елдің заң шығарушы органы бюджетті 10 сәуірде қабылдайды.