ОАР-да жанармай бағасы қымбаттады

Оңтүстік Африка Республикасында жанармай бағасы қымбаттады.

AP агенттігінің мәліметі бойынша дизель отынының бағасы шамамен литріне 212 теңгеге, ал бензин 85 теңгеге өскен. Бұл - ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Ахуалға байланысты Йоханнесбург қаласының кейбір аудандарында жанармай құю станциялары жабылып қалған. Апта басында Оңтүстік Африка Республикасының Үкіметі бағаны төмендету бойынша бірқатар шара қабылдаған еді.