Германияда жанармай мен дизель қымбаттады
Германияда дизель күрт қымбаттады. Литрі 2 еуро 30 центке, шамамен 1300 теңгеге сатылып жатыр.
Жалпы германиялық автокөлік клубының мәліметі бойынша бұл кейінгі 4 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар елде 1 литр жанармайдың құны 2 еуроға көтерілді. Бұл Еуропадағы орташа бағадан 13 есе артық. Қымбатшылыққа Ормуз бұғазының жабылып қалуы себеп. Германия Таяу Шығыстан былтыр шикі мұнайдың 6 пайызын алдырған. Жалпы неміс елі «қара алтынды» тұтыну бойынша әлемде 10-орында тұр. Алманияда жанармай тапшылығы әзірге қатты сезіле қойған жоқ. Еурокомиссия жанармай қоры 3 айға жетеді дейді.