Молдова ТМД-дан шығады
Молдова Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымынан шығу туралы шешім қабылдады.
Парламент екінші оқылымда ұйым мүшелігінің негізі саналатын үш келісімнен бас тарту жөнінде заңдарды қабылдады. Бастаманы 101 депутаттың 60-ы қолдады. ТМД құрамынан шығу процесін Молдова қаңтар айында бастаған. Елдің Сыртқы істер министрі бұл шешімге ұйымның құндылықтары мен негізгі принциптері сақталмай отырғанын алға тартқан еді.