Кубада империализмге қарсы шеру өтті

Ел астанасы Гаванада велосипед, мотоцикл мінген жүздеген тұрғын мемлекеттік туды желбіретіп, АҚШ елшілігінің маңына жиналды.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Қазір Кубада ел тарихындағы ірі энергетикалық және экономикалық дағдарыс орын алып отыр. Құрама Штаттар енгізген санкциялардың кесірінен кейінгі үш айда елге ешбір мұнай танкері келмеді. Қалалар жарықсыз қалып, медицина, қоғамдық көлік, ауыл шаруашылығы тұралап қалды.