Италияның үш өңірін су басып қалды

Италияда нөсер соңы тасқынға ұласты.

Салдарынан үш провинцияда қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды. Жолдар мен көпірлерді су шайып, кемі 90 адам зардап шекті. Елдің орталығында селдетіп құйған жауыннан кейін тағы ондаған үйді су басқан. Қазір жергілікті мектептер, сауда орындары мен басқа да қоғамдық орындар жабық тұр. Әсіресе таулы өңірлерде тасқын мен лай көшкіні қаупі күшейді. Билік көмекке ұлттық азаматтық қорғаныс қызметтерін жұмылдырды.