Иран Кувейттің электр стансаларын бомбалады
Иран Кувейттегі электр стансалары мен су тұщыту зауытын бомбалады. Бұл туралы Кувейт Энергетика және су ресурстары министрлігі хабарлады.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында авариялық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығын көлемі де белгісіз. Ал Иран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ислам революциясы сақшылары корпусы аталған оқиғаны Израильдің арандатуы деп бағалап, аймақтағы негізгі нысана АҚШ-тың әскери базалары екенін мәлімдеді.