Пәкістанда жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы 19 адам жарақат алды.

Алдын ала дерек бойынша, жарылғыш зат тиелген көлік полиция бөлімшесіне келіп соғылып, сол жерде жарылған. Нәтижесінде ғимараттың бір бөлігі қирап, маңындағы бірнеше тұрғын үйге зақым келген. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар шабуылға радикалды топтардың қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Күдік пәкістандық тәліптерге түсіп отыр. Алайда әзірге ешбір топ жауапкершілікті ресми түрде мойнына алған жоқ.