Ресейде банк жүйесі істемей қалды

Сатып алу төлемін жасауда қиындықтар туған. Онлайн-сервистер, банкоматтар мен ұялы қосымшалар ашылмайды.

Бір күнде тұрғындардан жүздеген шағым түскен. Олар дүкен, мейрамхана, метро мен дәріханаларда банк картасын қолдана алмай әуреге түсті. Операторлар: «Бұл қауіпсіздік шаралары және сыртқы шектеулермен байланысты», - деп түсіндірді. Ресейліктер сымды интернет, шетелдік сим-карталарды қолданып, амалдауға көшті. Кейінгі апталарда Мәскеуде ұялы интернет пен Wi-Fi жиі жоғалып, ұялы телефонмен қоңырау шалу да мұңға айналған.