Әуе отыны екі есе қымбаттады
Әлемдік әуе компаниялары мыңдаған рейсті кейінге шегерді. Жағдайдың ушығуына жанармай тапшылығы себеп.
Өйткені Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысқа байланысты әуе отыны екі есе қымбаттады. Тоннасы 742 доллардан 1710 долларға дейін өсті. Халықаралық авиация саласына мониторинг жасайтын Cirium порталының мәліметі бойынша, әр жиырмасыншы рейс ұшпай қалған. Әлемдік мұнайдың 20 пайызы тасымалданатын Ормуз бұғазының жабылып қалуы, энергетика дағдарысын тудырды.